Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тышқанның өсиеті

14.11.2020, 10:00 1912

HALYQLINE.KZ

Тышқан баласына оңашада үйретіпті: «Адам деген мықты жауымыз бар, ағаштан қақпан құрып, үстіне ғана май байлап қояды, соны жеймін деп барсаң, қақпан ұстап алады, балам, соған жолай көрме», – деп. Бір күні әлгі баласы ойнап жүріп, майдың иісі шыққан соң, неғылып қойған екен деп, қасына жоламай, алыстан сығалап қана қараса, шешесінің айтқан қалыбынша қақпан, үстінде майымен тұр екен. Ойлады: «қарашы, адамның ақылсыздығын, ағаштан қақпан ғана істеп, үстіне май байлап, бізді қызықсын деп қойғанын. Біз сол қулыққа бола қоямыз ба?» деп, олай-бұлай одыраңдап жүгіріп жүрді де айтты:

– Сөйтсе де, ай-хай майы құрғырдың иісінің жақсысын-ай, жемесем де биттей ғана жақындап иіскеуге болады ғой», – деп, бірте-бірте жақындай-жақындай бара жатқанда, қақпан тарс етіп, тышқанды жаншып тастады.

Ыбырай  АЛТЫНСАРИН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: