Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар асфальтқа сурет салды

12.09.2020, 20:00 1675

HALYQLINE.KZ Отбасы күніне орай Қызылорда қаласы «№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі» ғимаратының ауласында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар  департаменті және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі қызметкерлерінің  балалары  арасында  «Менің отбасым» тақырыбында  ашық аспан астында асфальтқа сурет салу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтар мен қоғамның  адамгершілік негіздерін  жандандыру. Іс-шараны Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті  бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шараны қорытындылай келе әрбір  отбасының керегесі кең, шаңырағы берік болуына ізгі тілек  айтылып, шараға  қатысушы  барлық балаларға сыйлықтар үлестірілді.  

Қызылорда облысы ТЖД

Кадр саясаты бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: