Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ Ай сырғаны неге таққан?

30.05.2020, 10:10 4358

HALYQLINE.KZ Бала кезімізде үлкендер «айға қарап қолыңды шошайтпа!» деп ұрысатын. Сосын қолды тістеткізетін. «Айға қарап телмірме!» дейтін. Ай адамның жанарын, сұлулығын, терінің жастығын алады екен. Қазақтың салтында мынадай тиым бар: «Айға қарап дәрет сындырма…» Арғы жағы жазылмаған. Құпиясы мынада: айға қарап дәрет сындырған қыз бала – бедеу боп қалады екен, ешқашан сәбилі бола алмайды. Айға қарап дәрет сындырған ер баланың шәуіті әлсіз болады, яғни ол жұбайына бала тапқыза алмайды. Неге? Ол үшін Айды біраз зерттейік.
Ай төрт фазадан тұрады.

Бірінші фаза. Ай туады.(7 күн)
Екінші фаза. Ай толады (7 күн)
Үшінші фаза. Ай теріс жағынан желінеді.
Төртінші фаза: Ай жіңішкеріп, жоғалады.


Есіңізде болсын айдың ең қауіпті кезі – 1-2 фазасы, яғни туылып-толуға екі жетіде ай күшті энергияны жерге жібереді. Осы кезде теңіздер тулайды, қышыма, бөртпе, бронхит, давление, т.б. аурулар өршиді. Байқасаңыздар ай желіне бастағанда, аурулар өршуі күрт басылып, тынышталады.

Айдың күшейген кезінде «Айкезбе» (лунатизм) ауруы күшіне мінеді.
Осының растығын білу үшін мынадай тәжирбе жасадым. Ай туған кезде, балта, пышақтарды қайрап, ай түсетін терезенің алдына қойдым, біреуін пышақ пен балтаны орамалмен жауып қойдым, екінші пышақ балтаны ашық тастадым. Таң ата қарасам, ашық тұрған балта мен пышағымның жүзін ай жеп қойыпты, ал орамалмен жапқандарым, сол күйде қалыпты. Міне, «айға телмірме», «ұйықтағанда ай бетіңе түспесін» деген осыдан шыққан.

Невропотолог дәрігерлермен сөйлескенде бет-аузы қисайған кезекте тұрған, ем қабылдаған студенттер қаншама екенін көрдім. Алматы қаласында. Иә, ем жүреді, массаж, игла терапия, витамин уколдар. Бірақ, беттерінде тыртық, іздер қалатындар да бар, оның себебі ай энергиясының қатты өткені тәрізді. Бірақ, дәрігерлер Айдың әсері мүмкін десе де, медицинада бұл ауру «Паралич Билла» деп аталады, олар нерв жүйесіне суық тиген деп жазады диагнозды. Қызық, ә!

Екінші тәжірибем мынадай болды: – Ай туғанда шашымды, тырнағымды алдым, ай толған сайын шаш-тырнақ тез өсетініме көзім жетті. Келесі айда шаш-тырнағымды айдың үшінші фазасында, яғни ай желіне, мұжыла бастағанда алдым, шаш, тырнақ екі жұмадай баяу өседі. «Лунный календарь» дегенді естігенсіз бе, жалпы ағаш, бау-бақша отырғызғанда ай туып немесе толып келе жатқанда салсаңыз, жақсы өседі, себебі, Ай қуатымен тез көтеріледі. Ал «өлара» кезінде не айдың 3-4 фазасында ексеңіз, әлсіз, қуатсыз болып, көтерілуіне біраз уақыт кетеді.


Ескерту: Бизнесті, жаңа жұмысты ай туғанда бастаңыз, берекесі болады. Себастьян Бах айға қарап әуендерін шығаратын, ай Бахқа музыка берді, бірақ құлағы мен жанарын алды. Бах саңырау және көзінен айырылып өлді.

Бетховеннің өзі «Лунная сонатаны» Айға қарап жазып, аяғы саңырауға айналды. Қазіргі ағылшын суретшісі Ли Хадвин Ай ауруына шалдыққан, жастайынан Айға қарап ұйықтайтын. Ол түнде тұрып, ұйқылы түрде сурет салады. «ұйқылы суретші» деп атайтын Лидің суреттері мүлде басқа галактиканыкі деп айтуға болады.
Біздің ата-бабаларымыз Айдың қыр-сырын жақсы білген. Сол себептен Айдан қорғану үшін мынадай іс-шаралар істеген.

1. Ай сырға таққан (ай көріп әулетіме тиіспейді деп ырымдаған)
2. Балаларының аттарын Айтуған, Айдын, Құралай, Айбар, Айсұлу, Айбек, Толғанай, Айқара, Айжарық, Айгүл, т.б ай атымен атаса, ай тиіспейді деп жорыған.
3. Ай туғанда Айға бата берген. «Ескі ай есірке, жаңа ай жарылқа!» деп.
4. Ай туғанда әжелеріміз, қыз-келіншектер бастарына орамал тағып, Айға сәлем салған.
5. Ай туралы тыйым сөздер ұрпаққа үйретіп отырған. «Айға қарап дәрет сындырма», «Айға қолыңды шошайтпа», «Айға қарап телмірме», т.б.
6. Аңыз әңгімелер, дастандар, ертегілер, өлеңдер мен мифтерде Айды тек мақтаған, ешқашан жаман айтпаған, қатері тиеді деген.
7. Ай тұрғаннан кейін ұйықтауға рұқсат берген. Ай ұйықтаған адамның бетіне түспесін деп қатты ескертіп, жастардың құлағына құйып отырған.
8. Қылышты қынапқа, пышақты қонышқа, балтаны сапыға салу керектігін қатты бақылаған, себебі, ай қайралғанның жүзін жеп қояды.

Міне, ай сырғаны кішіден бастап, үлкен ана-әжелеріміз құлағынан тастамай алтыннан таққан.

Әлеуметтік желіден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: