«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (0)

  • EUR: 509.29 (0)

  • RUB: 5.58 (0)

Шымкенттік оқушы шашбаудың пайдасын дәлелдеді

29.10.2020, 9:45 205 0

HALYQLINE.KZ Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Әсел Мұсаева шашбауды омыртқа қисаюының алдын алу мақсатында қолдану құрылымын зерттеп, бұл табысты жұмысы үшін авторлық құқық алды. Бұл туралы inform.kz сайты жазады.

Жоба авторы зерттеу жұмысында қазақ сұлуларының әдемі мүсініне ықпал еткен, мезгілсіз әжімдердің пайда болуына жол бермейтін және қан айналымын жақсартатын шашбау және шолпы секілді ұлттық әшекейлерімізді негізге алған.

«Шашбауды пайдаланғанда қауіпсіздікті, қолжетімділікті және қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында автор артық бөлшектерді алып тастап, қазіргі жиырма бірінші ғасырға сай етіп өнімді қайта жаңартты. Нәтижесінде бұл шашбау омыртқаның мойын-жақ бөлігіндегі бұзылудың алдын алуға көмектеседі. Онымен қоса, вегето-тамыр ауруларының санын азайтуға септігін тигізеді» делінген хабарламада.

Ғылыми жоба жетекшісі – ұстаз Жанна Дүйсенбиева.

«Шашбаудың басты функциясы – шашқа сән беру немесе оның сылдыры арқылы назар аударту емес. Оны қыз баланың тік тұлғасының қалыптасуына жауапты аксессуар ретінде қарастырған жөн. Шашбау – бастың өз осінен ауытқымауына қажет құрал. Шашбау салмағының қыз баланың жас ерекшелігіне қарай ауырлап отыруының да себебі сол», – дейді Жанна Алтынбекқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: