Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бұрымыммен көріктімін» бейне-байқауы мәресіне жетті

18.11.2020, 9:50 731

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласында «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен қазақ қыздарына арналған құндылықты дәріптейтін «Шашбаулым» қыздар клубы ашылып, өз жұмысын бастады. Алғаш рет «Шашбаулым» қыздар клубының ұйымдастыруымен, Инстаграм әлеуметтік желісінде, ағымдағы жылдың 4-14 қараша күндері аралығында «Бұрымыммен көріктімін» онлайн бейне-байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – бұрымның ХХІ ғасырда құндылығын көрсете отырып, қазақ қызының бойында кездесетін асыл қасиеттерді жастар арасында кеңінен насихаттау.

Байқауға қатысушыларға жас шектеулігі қойылмай, 60-қа жуық ниет білдірген Қызылорда қаласының бұрымды арулары қатысты. Байқау нәтижесі арнайы құрылған әділқазылар шешімімен анықталып, 11 ару үздік деп танылды.

«Бұрымыммен көріктімін» бейне-байқауының жүлделі орындары мен номинациялары:

І орын – Шахымжанқызы Нұрсая, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті.

ІІ орын – Аманбаева Айару, №7 мектеп-лицейінің оқушысы.

ІІІ орын – Саматқызы Асылым, «Ақмешіт» колледжінің студенті.

«Бұрымды ару» номинациясы – Анзарова Аяулым, №7 мектеп-лицейінің оқушысы.

«Көрікті ару» номинациясы – Елеусізова Гүлжазира Жоламанқызы, «Болашақ» жоғарғы медицина колледжінің студенті.

«Тәтті ару» номинациясы – Байтас Айғаным, №261 орта мектебінің оқушысы.

«Қылықты ару» номинациясы – Досбол Гүласыл, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті.

«Сапалы бейнеролик» номинациясы – Орақова Аяжан Нұрланқызы, «Абылайхан» атындағы жоғарғы колледж.

«Кербез ару» номинациясы – Аманбекқызы Гүлнұр,«Болашақ» жоғарғы медицина колледжінің студенті.

«Ұяңды ару» номинациясы – Диханбаева Мерей Мейрамбекқызы, «Болашақ» жоғарғы медицина колледжінің студенті.

«Ерекше өрім»номинациясы – Нағашыбай Жансая,«Өркениет» медицина колледжінің студенті.

Бекен Ғалымжанұлы,

«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: