Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш жастары 10 жобаның жеңімпазы атанды

18.09.2020, 14:15 493

HALYQLINE.KZ 2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында Жалағаш ауданының ерікті жастары түрлі бағыттағы 10 жобаның жеңімпазы атанды. Барлық жобаның құны 3 млн 600 мың теңгені құрайды. Атап айтқанда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Қызылорда облысының ауылдық ҮЕҰ-дың және бастамашыл топтардың әлеуетін көтеруге арналған 3 грант, «Birgemiz Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында 2 шағын грант, «Birgemiz: Umit » волонтерлік бағыты бойынша 4 шағын грант, «Birgemiz: Saulyq » волонтерлік бағыты бойынша 1 шағын грант иеленді.

Жобалардың барлығы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, бұқаралық спортпен айналысу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, психологиялық-педагогикалық, медициналық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылуда.

Ауданда алдағы уақытта шағын грант иеленуге 7 бағыт бойынша 30 жобаға өтінім берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: