«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 429.51 (+1.16)

  • EUR: 502.14 (+2.73)

  • RUB: 5.42 (-0.02)

«Syr jastary – 2025» Жол картасы қабылданады

16.09.2020, 12:00 108 0

HALYQLINE.KZ Жастар саясаты саласында 5 бағыт, 29 индикатордан тұратын «SYR JASTARY – 2025» жол картасының жобасы әзірленуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінің ақпараттық алаңында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.

«Жолдауда жүктелген міндеттер мен мақсаттарды жастар саясаты саласында аймақта жүзеге асыру бойынша алдағы бес жылдыққа арналған Жол картасы дайындалып жатыр. Осы мерзім ішінде 6 мыңға жуық жас «Жасыл ел» және «Жас құрылысшылар» жасақтарының қатарында еңбек ететін болады. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына мемлекеттік гранттар мен инвестициялар тартылып, өңірдегі NEET санатындағы жастардың үлесін төмендетуді көздеп отырмыз», – деді Серік Әбжәліұлы.

Жол картасының негізгі мақсаты – жұмыссыз жастардың қатарын азайту. Қазір облыста NEET санатында 13 мыңнан аса жас бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: