Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қуаныш Жанұзақов: «Еріктілердің еңбегі өлшеусіз»

16.07.2020, 11:15 722

HALYQLINE.KZ Әлемді алаңдатып отырған пандемия кезінде еріктілердің еңбегі өлшеусіз. Яғни, шаһар тұрғындары қиналған шақта жастарымыз әрдайым қол ұшын беруге дайын екенін көрсетті. Еріктілер қаладағы 165 тұрғынға тегін дәрі-дәрмек жеткізіп, 55 оттегі баллондарын толтырып, ауруханаға тасымалдады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов баяндады.

«Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары артып келеді. Қала тұрғындары автоволонтерлыққа шақырылып, олардың тізімі жасақталды. Қазіргі таңда 19 автоволонтер белсенділік танытып, көмегін көрсетуде. Сондай-ақ, коронавирустық инфекция біздің елімізде тарала бастағанда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға волонтерлар маска және антисептик құралдарын, азық-түлік пакеттерін таратуға ат салысты», – деді сала басшысы.

Мұнан өзге, волонтерлар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға демеушілік арқылы 5 үй берілуіне де көмек көрсетті. Бұған қоса, Жалағаш ауданындағы 2 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге септігін тигізуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: