Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Стратег

21.02.2020, 13:35 664

Білім саласын армия деуге болады. Облыстағы 293 мектеп, 600-дан аса балабақша, 30 колледждің білім беру саясатын қалыптастыру оңай емес. 20 мыңнан аса мұғалім мен 160 мыңға жуық оқушы бар білім саласында сын да, проблема да аз емес. Көбісі жазып та, айтып та үлгерген экс-басшы Майра Тұрғанбайқызы туралы менен де бір пост болсын.

  •  Ең әуелі білімнің стратегиясына мән берді. Әрбір білім беру ұйымына анализ жасады.
  •  Директорлар корпусын дамыту үшін облыстық директорлар форумына идея тастады. Республикадан спикерлер шақырылып, мектепті креативті басқару ісін бастады. Қазір де жалғасып жатыр.
  • Білімге мененджменттік көзқараспен қарады. Жеке мектептердің үлесін көбейтуге күш салды.
  • Оқушыларға ашық сабақ ұйымдастырды. Директорларға эстафета жолдады.
  • Әрбір мектеп, колледждің сайттарын біріктіріп, бірыңғай база қалыптастыру ойын жүзеге асырды.

Ашықтықты қалыптастырды. Журналистер мен әлеуметтік желі белсенділерімен теңдей қарым-қатынас орнатты.
Білім мазмұнына қатысты жасаған істері аз емес. Оны мен емес, педагогтер айтсын.

Мақтау мақсатым емес. Жанында жүріп, атқарылған істерді көзбен көрген біздерге айқын сезіледі. Жақсы босс бола білді. Абырой тілеймін, Майра Тұрғанбайқызы! Министрліктегі Комитет төрағасы қызметіңізге табыс тілеймін!

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: