Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жедел жәрдем қызметкеріне де жұғыпты

24.04.2020, 0:26 469

HALYQLINE.KZ – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 38 адам тіркелді, оның ішінде Алматы облысында -1, Ақтөбе облысында – 12, Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Жамбыл облысында – 10, Қызылорда облысында – 2, Павлодар облысында – 8.

Вирусты жұқтырғандардың екеуі де Қызылорда қаласының тұрғындары. Олардың біреуі – 45 жастағы ер адам, жедел жәрдем қызметінде жұмыс жасайды. 

Екінші ер адам – 66 жастағы зейнеткер. Ол инфекция жұқтырған адаммен қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. 

Екі науқастан да анализ карантиндік стационардан алынып, зертханалық зерттеулердің нәтижесі коронавирус инфекциясына оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі таңда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем алуда.

23 сәуір 22:40-тағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 428 адам, Алматы қаласында – 756 адам, Қарағанды облысында – 103 адам, Ақмола облысында – 83 адам, Атырау облысында – 82 адам, Жамбыл облысында – 98 адам, Шымкент қаласында – 133 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 15 адам, Алматы облысында – 69 адам, Ақтөбе облысында – 55 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 58 адам, Маңғыстау облысында – 19 адам, Қызылорда облысында – 161 адам, Батыс Қазақстан облысында – 86 адам, Түркістан облысында – 77 адам, Қостанай облысында – 36 адам, жалпы 2289 науқас тіркелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: