Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа қаулы: студенттер штаттық оқуға көшеді

05.01.2021, 14:25 498

HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні Қызылорда облысы коронавирустық инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы бойынша және репродуктивтік көрсеткіш бойынша «жасыл аймақта».

Осыған байланысты кейбір әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс жасау кестесіне өзгерістер енгізілді.Яғни кейбір нысандарға белгіленген уақыт шектеулері алынып, штаттық режимдегі өздері белгілеген уақытымен жұмыс жасауға рұқсат берілді. Олар:

– азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер;

– сұлулық салондары, шаштараздар;

– супермаркеттер, гипермаркеттер;

– ашық базарлар;- азық-түлік емес дүкендер;

– сауналар, спа-орталықтар, моншалар;

– спорттық-сауықтыру орталықтары;

– сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;

– балалар мен ересектердің білім беру орталықтары;

-бизнес орталықтары, кинотеатрлар өздерінің штаттық режимдегі уақыты бойынша жұмыс жасайтын болады.

Ал қоғамдық тамақтану объектілер сағат 07-ден түнгі 24-ке дейін қызмет көрсете алады. Бұл ретте үй-жайдың толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспауы тиіс.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:

– контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқуға рұқсат беріледі;

– сыныптарды 15 баладан асырмай, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат беріледі;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға:

пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға рұқсат;

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады;

2) екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: