Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұжымдық отырыс індетті үдетеді

31.12.2020, 15:30 339

HALYQLINE.KZ

Облысымызда қараша айында коронавирус инфекциясының 31 жағдайы, ал желтоқсан айының 30 күнінде 93 дерек тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жанабергенова баяндады.

– Өздеріңіз білесіздер, 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін қоғамдық тамақтану, ойын-сауық, кәсіпорындарында, мекемелер мен кеңселерде ұжымдармен ұйымдастырылатын жаңажылдық секілді іс-шараларды өткізуге тыйым салған болатынбыз. Бірақ белгіленген карантиндік шектеулерге қарамастан халық көп жиналған отбасылық жиындарды өткізу әлі де азаяр емес. Коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында сақтық шараларын орындауды сұраймыз. Өңіріміздегі эпидемиолгиялық ахуалды ескере отырып, Жаңа жылда коропоративтер, банкеттер шектелді. Туыс, достарды онлайн, видео-қоңырау және өзге де жаңа технологиялардың көмегімен байланыс орнатып, құттықтауға кеңес береміз, – деді Динара Жаңабергенова.

Карантин басталғалы өңірде 919 талапты бұзушылық анықталды. Оның 474-і – мерекелік және отбасылық шараларды ұйымдастыру.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: