«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Үй карантині – індетті жеңудің басты жолы

11.04.2020, 17:12 184 0

HALYQLINE.KZ –| Шартарапты шарлаған пандемияға тосқауыл қоюдың жалғыз жолы – карантиндік режимді қатаң сақтау. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған мәлімдемесінде атап көрсетті. Жұқпалы індетпен барша халық болып бірге күресуге тиіс.

Президент мәлімдеме барысында Төтенше жағдай кезінде алдыңғы шептен табылған дәрігерлер мен ішкі істер қызметкерлеріне алғысын білдірді. Олардың қиын қыстау мезетте көрсеткен ерліктерін ескеріп, бүгінгі күннің қаһармандарына балады. Бұл ерен еңбектің ескерілгені деп білеміз. Ендігі мақсат – дерттің дауасын табу.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 859 адамның зақымданғаны белгілі болып отыр. Тоқырау жоқ, күнде өсу бар. Соңғы тәуліктерде ғана олардың саны 47 адамға артты. Осы бәрімізді ойлантуы керек. Президент Қ.Тоқаев жағдайдың оңалмай тұрғанын ескеріп, карантин режімін тағы да он бес күнге ұлғайтуға шешім қабылдауға мәжбүр болды. Бұл шешімді дұрыс деп санаймыз, өйткені індетті ауыздықтай алмай отырмыз. Керісінше ол ұлғайып барады. Осындайда жеке адамдардың, әсіресе алға қойылған мақсатты бұлтартпай орындаудағы жергілікті басшылардың іскерлігі шешуші факторлардың бірі екендігі сөзсіз.

Қалай десек те, карантиннің талаптарын қатаң сақтауымыз керек. Алла да «сақтансаң сақтармын» деген ғой. Карантиннің талабын қазақпайшыл «ұзын арқан, кең тұсауға» салмай, тым болмаса осы сынақ күндері қатаң сақтайтын болсақ індетті бірге жеңетін боламыз. Үйде болыңыздар! Біз біргеміз!

К.Абишев,

Шиелі ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

«Өскен өңір» газетінің сайты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: