Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу мекемесінің қызметкерлері қан тапсырды

03.12.2020, 14:10 347

HALYQLINE.KZ

Өзгеге өмір сыйлап қан беріп, донор болу да – ерлік. Донор болуға тек денсаулығы мықты, жарамды жастар тартылатыны анық. Осы орайда денсаулығы мықты, болат білекті, құрыш жүректі тергеу мекемесінің қызметкерлері қажеттілігіне қарай қан тапсырып, донор болып келеді. Бұл жолы ЗК-169/1 мекемесінен 30 қызметкер қан тапсырды. Мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет майоры А.Альназаров бастаған жеке құрам жігіттері мен мекеменің ерікті жалдамалы қызметкерлері өз еріктерімен донор болды. Соның ішінде, жедел бөлім бастығы, әділет майоры А.Битаев, жедел уәкілі А.Құлахметов, РжКБ-нің бастығы, әділет капитаны М.Смағұлов, инспектор, әділет аға лейтенанты А.Алмадинов, корпус бойынша аға бақылаушы С.Ибраймов пен мекеменің асхана меңгерушісі Қ.Ауминов та болды.

Облыстық қан орталығының дәрігері Ф.Ермағанбетованың айтуынша, тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексеруден өтеді, жақсы дене дайындығы бар, ал донор ретінде тек ауыр аурулары жоқ адамдар ғана бола алады. «Содан болар, тергеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері жылына екі рет қан тапсырып, осындай акцияға өз үлестерін қосып келеді. Бұл игі, сауапты амалдары үшін ҚАЖ мекеме қызметкерлеріне алғысымыз мол» деді орталық дәрігері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: