Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Симптомды-симптомсыз: науқастар саны артып барады

26.06.2020, 11:25 388

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 615, ал симптомсыз – 416 азамат. Ал, індеттен айығып шыққандар саны 565 адамға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Симптомды жаңа 18 жағдайдың 18-і скринингтен анықталса, симптомсыз коронавирус инфекциясының 56 дерегі тіркелді. Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан, 21-і қарым-қатынас арқылы жұқтырған», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 6858 азамат анықталды. Оның ішінде, 4402-сі тікелей қарым-қатынаста, 2456-сы жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: