Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелілік кәсіпкер жанға шипа береді

28.02.2020, 10:01 488

Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша өткен жылы Шиелі ауданында 115 жас оқып, бизнес саласындағы біліктілігін жетілдірді. Нәтижесінде жалпы құны 46,4 млн теңге болатын 92 жастың жобасы қаржыландырып, олар бүгінде кәсібін бастап кетті.

«Жас кәсіпкер» жобасы аясында өз ісін ашқан жандардың бірі – шиелілік жас кәсіпкер Несібелі Арғынбаева. Ол жолдасы Бұрхан Нұрсұлтанмен ақылдаса келе, кәсіп ашу туралы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалынан кеңес алады. «Жас кәсіпкер» жобасы туралы естіп, оқып, осы жоба аясында бизнес сауаттылығын арттырады. Бизнес жоспарын жасап, өздері көздегендей хиджама косметология орталығын ашады. Медициналық қызметтің бұл түрін ол Атырау қаласындағы сауықтыру орталығында оқып, үйренген. «Жас кәсіпкерде» жобасын сәтті қорғап шыққан Несібелі мемлекеттің қайтарымсыз қаржысы – грантқа қол жеткізеді.

«Қазір хиджама-косметология саласы бойынша жұмыс істеп жатырмын. Гранттық қаржыға медициналық құралдар мен косметология бойынша бетті тазалайтын арнайы аппарат сатып алып, халыққа қызмет көрсетудеміз. Қызметіміз қыз-келіншектер арасында сұранысқа ие. Бұл – біздің отбасылық бизнесіміз. Жолдасым да осы жерде хиджама, массаж жасап қызмет көрсетеді», – дейді жас кәсіпкер Несібелі Арғынбаева.

Отбасылық бизнесті өркендетуде Несібелінің жолдасы Нұрсұлтанның да үлесі зор. Несібелі қыз-келіншектерге хиджама жасап, косметология қызметін көрсетсе, Нұрсұлтан осындай қызмет түрлерімен ер-азаматтарды қамтуда. Екеуі де өз кәсіптерін жақсы меңгергендіктен, күн санап келушілер қатары да көбеюде.

«Аллаға шүкір. Дәрігерлер жағалап, еміме шипа іздеп жүргенмін. Қан қысымым түспей қойған болатын. Осы орталыққа келіп массаж, хиджама алып, жақсарып қалдым», – дейді аудан тұрғыны Алтын Досмағанбетова.

Жас отбасының алдағы жоспары – Орталықтағы қызмет түрлерін кеңейтіп, аудан тұрғындарына заманауи құралдармен сапалы медициналық қызмет ұсыну. Жастардың кәсіптеріне береке тілейміз!

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: