«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 432.23 (+1.72)

  • EUR: 506.79 (+1.07)

  • RUB: 5.45 (-0.06)

Сарымсақ — жүректің жұмысын жақсартатын өнім

07.09.2020, 10:20 131 0

HALYQLINE.KZ «Диетолог Фатма Байсал Юсуф жүректің жұмысын жақсартатын тоғыз өнімді атады» деп хабарлайды Lenta.ru.

Портал мәліметінше, жүректің жұмысын жақсартатын пайдалы өнім сарымсақ болып шыққан. Диетологтың сөзінше, ол қан тамырларына әсер етеді және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін азайтады. Маман күніне бір түйір сарымсақ жеп тұрған дұрыс екенін айтқан.

Балық пен балық майы қан ұюының алдын алады және құрамындағы омега-3 май қышқылы жоғары антиоксидантты қасиеттерге бай. Дәрігер буда немесе грильде пісірілген балықты тұтынуды ұсынды. 

Грек жаңғағы және орман жаңғағы да (фундук) омега-3 пен Е дәруменіне бай. Диетологтың сөзінше, аптасына 6-7 орман жаңғағы мен 2-3 грек жаңғағын жеп тұрған дұрыс. 

Сондай-ақ, жүректің жақсы жұмыс істеуіне зығыр тұқымдары, сұлы, қара бидай және бидай ұны мен көк шай да себеп болады.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: