Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сақтанайық» бетперде тарату акциясы өтті

03.12.2020, 14:00 669

HALYQLINE.KZ

2020 жылы 26 қараша күні әлемде тараған Covid-19 індетімен күресу мақсатында Дыши.kz қайрымдылық жобасына қатысушылар мен «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының белсенді жастары «Сақтанайық» акциясы аясында тұрғындарға 1000-ға жуық тегін бетперде таратты.

Қорқыт Ата көшесінен бастау алған акция «Отырар» сауда орталығына дейін жетіп, тұрғындарды сақтық шараларын ұстанып, бетперде тағып жүруге шақырды. Акция орталық базар жанындағы аялдамаларда өз жалғасын тауып, автобус жолаушыларына бетперделер таратылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл індетпен сіз бен біз жұмыла күрессек, еркін күннің ауылы алыс емес.

Бекен  Ғалымжанұлы,

«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: