Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада соңғы тәулікте коронавирус инфекциясымен науқас тіркелген жоқ

02.11.2020, 17:30 510

HALYQLINE.KZ

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқас жоқ. Оған дейін ауырған 3 науқас дертінен толық айықты. Қызылорда қаласынан 2 адам, Шиелі ауданынан 1 науқас емделіп шықты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, пандемия басталғалы бері аймақта 3 мың 123 науқас (96%) коронавирус инфекциясынан айықтырылған.

01.10.2020 ж. 24 сағат аралығында зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 278 сынама, тексерілгені – 278 сынама. Қалдық тест саны – 21 255. Эпидмаусым басталғалы бері 115 852 сынама алынды.

Коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында тіркелген науқастар саны – 3 262 (Қызылорда қаласы –1962, Арал – 114, Қазалы – 102, Қармақшы – 144, Жалағаш – 112, Сырдария – 183, Шиелі – 288, Жаңақорған – 357).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: