«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

Қызылорда: Төрт жағдай тіркелді

08.06.2020, 10:35 266 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 465, ал сипмтомсыз – 50 азамат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 4 дерек тіркелді. Оның ішінде, Қызылорда қаласынан – 2, Шиеліден – 1, Жаңақорғаннан – 1 жағдай. Сынама тесттің қорытындысы бойынша симптомды ағымды коронавирус инфекциясының жағдайы», – деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 5344 азамат анықталды. Оның 3140-ы – тікелей қарым-қатынаста, 2204-і жанама байланыста болған.

«Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтан, сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: