Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Коронавирус жұқтырғандар саны 222-ге жетті

06.05.2020, 11:01 478

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 222-ге жетті. Бүгінгі күнге дейін сауығып шыққандар саны – 140. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Жаңадан анықталғандардың 1-еуі скринингтен анықталса, 4-еуі – коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған азаматтар. Соңғы тәулікте барлығы 553 зертханалық сынама алынса, оның 543 сынамасы теріс мәнді болды. 5 сынама оң мәнді болса, 5 сынама зерттелу үстінде. Қалдық тест – 5000», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 3242 азамат анықталды. Оның ішінде, 1746-сы жақын қарым-қатынаста, 1496-сы жанама байланыста болған.

Жалпы, 22 сәуірден бері қарай COVID-19 инфекциясы 73 науқастан анықталған. Оның ішінде:

– 12-сі медицина қызметкері;

– жабық мекемелерді скринингтеген уақытта 2 науқас;

– 43 азамат қарым-қатынас арқылы;

– 7 азамат вахталық жұмыстан келгендер;

– 3 азамат блок-посттардан тоқтатылып, тексеру барысында анықталғандар;

– 5 науқас медицина ұйымдарындағы фильтр кабинеттерінен тұмау, пневмония белгілерімен шағымданғандардан;

– 1 азамат Ресейден келген студент.

Құрметті облыс тұрғындары, соңғы 15 күннің статистикасына қарағанда, вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Сондықтан, оқшауланып, шектеу шараларына мұқият болуға шақырамыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: