Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2021 жылы вакцина шығаратын зауыт іске қосылады

21.12.2020, 14:50 761

HALYQLINE.KZ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына (ҒЗИ) барды, – деп хабарлайды ҚР Үкіметі баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда ҒЗИ отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынаудың I және II фазаларын жүргізді. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін 96% деңгейінде көрсетті.

Денсаулық сақтау министрлігі үш мың еріктіге клиникалық зерттеулердің қорытынды III кезеңінің басталуын мақұлдады. Бүгінде алғашқы еріктілер Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында, ҒЗИ-да отандық вакцинамен егілді. 2020 жылғы желтоқсан айының соңына дейін үш мың еріктіні вакцинациялау аяқталады. III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза көлемінде вакцинаның қажетті партиясы шығарылады. «Отандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады», – деді А.Мамин.

Премьер-Министр вакцина шығаратын биофармацевтика зауытының құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Зауытты 2021 жылы наурыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өндірістің қуаты жылына 60 млн дозаны құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: