Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан: Дәрігерлердің 25%-ы зейнет жасына жақындап қалған

10.04.2020, 12:45 379

HALYQLINE.KZ –| Ұлттық эко­номика министрлігі Статистика коми­тетінің дерегіне сүйенсек, Қазақстанда 788 аурухана бар. Олардағы төсек-орындардың жалпы саны – 98 371.

175 705 орта медицина қызметкері бар, оның ішінде барлық сала бойынша – 72 877 дәрігер.

4 мыңға жуық дәрігердің орны бос тұр. Әсіресе, ауыл-аймақтарда маман жетіспейді. Өңірлердегі емханаларға 700-ден астам жалпы тәжірибедегі дәрігер керек. Сондай-ақ, педиатр, акушер-гинеколог, онкологтар мен аллергологтарға сұраныс жоғары. Министрлік ақпаратына сүйенсек, қазір ел емханаларында еңбек етіп жүрген дәрігерлердің 25 пайызы зейнет жасына жақындап қалған.

Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелерге 494 маман жетіспейді. Атап айтқанда, елорда емханаларына 107 жалпы тәжірибедегі дәрігер, 36 педиатр, 52 терапевт, 42 акушер-гинеколог, 41 анестезиолог-реаниматолог, 16 кардиолог, 3 психиатр, 16 онколог және 28 неонатолог қажет.

Жыл сайын еліміздің медициналық жоғары оқу орындары орта есеппен 5 000 маман даярлап шығарады екен. Олардың 1 500-і – жалпы тәжірибе дәрігерлері. Оқу бітірген түлектер қатары артқанмен, бос орындар көп.

Қазіргі жағдайда инфекциялық ауруханалар, провизорлық стационарлар, карантиндік нысандарға 16 мың дәрігер тартылды. Дәрігерлер, медбикелер, кіші медицина қызметкері, санитар-дәрігерлер, туберкулез орталықтарының қызметкерлері еңбек етуде.

Елімізде 120 медициналық қызметкер коронавирусқа шалдыққан. Олардың бірі ауыр халде жатыр. 9 дәрігердің жағдайын әріптестері орташа деп бағалап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: