Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайтыс болған 2 науқас та – Қызылорда қаласының тұрғындары

25.06.2020, 12:25 442

HALYQLINE.KZ

Соңғы тәулікте алғаш рет аймақта коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 2 жағдай тіркеліп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді, деп хабарлайды Қызылорда өңірлік коммуникациялар орталығы.

«Біріншісі – 1956 жылғы ер азамат, екіншісі – 1960 жылғы әйел азамат. Екеуі де – Қызылорда қаласының тұрғындары. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алған. Екі науқастың да коронавирус инфекциясымен қатар қосымша соматикалық аурулары болған. Осы қосымша диагноздар әсер етіп, реанимация бөлімінде ауыр жағдайда емделген», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Сонымен қатар, Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 597, ал симптомсыз – 360 азамат. Ал індеттен емделіп шыққандар саны 550 адамға жетті.

«Симптомды жаңа 10 жағдайдың 10-ы скринингтен анықталды. Атап айтсақ, Сырдария ауданынан 4 жағдай, Жаңақорған ауданынан 6 жағдай тіркелді. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 46 дерегі белгілі болды. Оның 37-сі скринингтен,7 науқас ақылы сынама тапсырғаннан, 2 науқас қарым-қатынастан анықталды»,- деді Жақсылық Абдусаметов.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған – 6813 азамат. Оның ішінде, 4358 – тікелей қарым-қатынаста, 2455-і жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап, бетперде киіп сақтанып жүрулеріңізді сұраймыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: