Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Парацетамолды қолдану тәртібі қандай?

02.07.2020, 11:05 752

HALYQLINE.KZ Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова халық арасындағы жоғары сұранысқа ие препараттарды дәріханаларға жеткізу тәртібін түсіндірді.

«Қазіргі кезде парацетамолды дәріханаларға таратып жатыр. Алматыда бар, Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында сатылуда. Алдағы екі-үш күнде басқа аймақтарға да жеткізіледі», – деді Бюрабекова онлайн брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, температураны басқа да стероидты емес препараттармен түсіруге болады. Мәселен, Ибупрофен бар.

«Бірақ парацетамол болсын, Ибупрофен болсын, бәрін тек нұсқаулықпен ғана қабылдау қажет. Себебі, бауырға уытты әсері бар. Сондықтан ондай препараттарды күніне үш-төрт рет ғана қабылдауға болады», – деп атап өтті Бюрабекова.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде «Ингавирин» препаратының 70 мың қаптамасы да сатып алынды. Оны осы аптаның ішінде Қазақстанға әкеледі. 

«Сонымен қатар, «Тамифлю» препаратының 49 мың қаптамасын сатып алдық. Ол да аптаның аяғына дейін дәріханаларға түседі», – дейді Бюрабекова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: