Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оттегі станциясы ашылды

28.12.2020, 9:30 381

HALYQLINE.KZ

Қазалылықтар жыл аяқталар сәтте тағы бір жағымды жаңалыққа куәгер болды. Бұл күні Қазалы ауданаралық ауруханасында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған оттегі станциясы ашылды.

Облыстағы аудандар арасында алғашқы болып ашылған станцияға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбитбек Пазылов арнайы келіп, медицина саласы қызметкерлерінің қуанышымен бөлісті.

– Бүгін біздің аудан үшін ерекше есте қалатын тарихи күн деп айтсақ болады. Себебі аудандардың арасында алғашқы рет ауруханадан оттегі станциясы ашылып отыр. Енді біздің дәрігерлеріміз оттегі тапшылығын сезінбейді. Бұл станция біздің ауданнан бөлек, көршілес Арал мен Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласына оттегі жіберуге мүмкіндігі бар. Станцияның ашылуына «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ демеушілік жасап, қамқорлық көрсетті, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбитбек Пазылов болса дәрігерлерге қолдау көрсеткен аудан басшысына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Мұнан соң аудан әкімі Мұрат Ергешбаев оттегі станциясының жұмысымен танысып, заманауи құрылғылардың мүмкіндіктерін көрді.

Мамандардың айтуынша, бұл жабдық – техника қауіпсіздігі толық ескеріліп, автоматтандырылған заманауи құрылғы. Оттегі станциясы сағатына 40 текше метр оттегі шығарады. Шамамен сағатына 6 баллон, тәулігіне 120 баллон өндіреді. Оттегінің тазалығы 99,5%, яғни медициналық талапқа сай.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: