Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өмір сүру ұзақтығы жүрек ырғағына байланысты

27.10.2020, 16:35 611

29 қазан – Дүниежүзілік инсультпен күрес күні

HALYQLINE.KZ Жүрек – адамның негізгі мүшесі. Дене мүшелері мен жүйелерінің жағдайы және тиісінше, адамның өмір сүру ұзақтығы «мотор» мен бүкіл жүрек-қантамыр жүйесінің дұрыс ырғағына байланысты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ), оның ішінде жүрекке жасалатын оталар барлық сақтандырылған азаматтарға қолжетімді.

Қызылорда қаласындағы көпсалалы облыстық аурухананың рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімінің мамандары көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды.

Операция үстелінде – 46 жастағы әйел. Облыстық көпсалалы ауруханаға тұншығу және жүректің ауырсыну шағымдармен жедел түрде жеткізілді. Миокард инфарктісі диагнозы қойылған. Науқасқа коронарлық артерияны стенттеу үшін ота жүргізілді.

Нұрлан Исмаилов, кардиохирург, облыстық кардиологиялық орталықтың рентген-эндоваскулярлық бөлімнің меңгерушісі:

– Коронарлық артерияның тарылған жеріне стент қою арқылы жүрек артериясындағы қан ағымын қалпына келтіру үшін ота жасалды. Бұл тағы бір құтқарылған өмір. Жедел түрде, емхана дәрігерінің жолдамасының болмауына қарамастан, мұндай оталар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтер МӘМС жүйесінің барлық қатысушыларына жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу кезінде де қолжетімді. Қызылорда қаласының 61 жастағы тұрғыны Жұмағали Жұмбеков 3-ші топтағы мүгедек. Мүгедектігіне байланысты жұмысқа жарамсыз. Бұрын оған тағы бір ота жасалған.

Жұмағали Жұмбеков, пациент:

– Емханаға жүрегімнің шағымымен бардым. Ауруханаға жатқызу бюросы бойынша облыстық ауруханаға жіберді. Кеше таңертең стенттеу отасы жасалды. Мен қалпыма тез келдім, ентігу мен жүрегімнің ауруы басылды. Дәрігерлерге кәсіби шеберлігі үшін алғыс айтамын және жүрекке ота жасау барлық азаматтар үшін қолжетімді екеніне қуаныштымын.

Рентген-эндоваскулярлық бөлімнің мамандары жүректен өзге ағзаларға да күрделі оталар жасайды. Жалпы, жылына 3 мыңға жуық адамның өмірі сақталады.

Айта кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы халыққа жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету бойынша ағымдағы жылдың 9 ай ішінде 610,5 млн теңге төленді. Барлығы 130 ота жасалды. Сонымен қатар, Алматы мен Нұр-Сұлтан калаларындағы ғылыми орталықтарда ЖТМҚ қолдану арқылы емделуге мүмкіндік бар. Ең бастысы, науқастардың МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі болуы тиісті.

«ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы

бойынша филиалының халықты ақпараттандыру

және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: