«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 424.49 (-1.1)

  • EUR: 504.51 (-0.92)

  • RUB: 5.59 (-0.02)

Медициналық бұйымдар базасы 60 пайызға тозып тұр

16.05.2020, 9:02 255 0

HALYQLINE.KZ Елдегі жұмылдыру резервінің дәрі-дәрмектері мен медициналық жабдықтары 1960 жылдардан бері жаңартылмапты. Бұл мәселе Сенат отырысында қозғалды.

Заң жобасында денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жұмылдыру резервін жеткізу, сақтау, жаңарту және тарату құзыретін беру қарастырылған. Алайда, бүгінде мемлекеттік резерв жүйесінде ұзақ уақыт бойы шешілмеген мәселелер жоқ емес.

 – Жергілікті атқарушы органдардың балансындағы арнайы медициналық бұйымдар базалары негізінен 50 жыл бұрын салынған. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауға қойылатын талаптарға сәйкес келмейді. Ғимараттардың дені 20-дан 60 пайызға дейін тозып тұр, – деді сенатор Серік Бектұрғанов Сенаттың бейсенбідегі отырысында.

Сенатордың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы қоймалардың бірі 1918 жылы салынған ғимаратта, Ақтөбе облысында 1947 жылы, Ақмола облысында 1956 жылы салынған және Алматыда 1957 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің ұтқырлық резервінің едәуір бөлігі 1960-1970 жылдары құрылған. Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қажетті және жүйелі түрде жаңарту жүргізілмеген. Денсаулық сақтау жүйесінің материалдық құндылықтары мен оларды есепке алуды орталықтандырылған қаржыландыру іс жүзінде 2005 жылдан бастап тоқтатылыпты.

 – Жұмылдыру резервінің медициналық және санитарлық-экономикалық көрсеткіштерінің көпшілігі – тыныс алу, электрокардиографтар, стоматологиялық және зертханалық жабдықтар, физикалық құрал-жабдықтар, жеке қорғаныс құралдар. Ескірген медициналық қондырғылар қазірдің өзінде тәжірибеде қолдануда. Бұл мүмкін емес, – деді депутат.

Сөзінің соңында жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын толық түгендеу және қайта қарау қажеттігін, қоймаларды заманауи норма талаптарына сай етіп жабдықтау үшін қосымша қаржы ресурстарын бөлу мәселесін қарастыруды алға тартты.

Материалға көрнекі сурет қолданылды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: