Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус жайлы бірер сөз

19.06.2020, 11:55 798

HALYQLINE.KZ

Жан-жағын жайпап, жан алқымнан алып келе жатқан тәжтажалдың бар екенін айтып отырудың өзі артық. Одан да енді не істеуіміз керектігі және біздің біле жүруіміз жөнінде айтқаным жөн болар.

Ал кеттік.

«Коронавирус күндіз болмайды да, түнде шығып кете ме?» дейді көбісі. Жаз уақытында күн сәулесімен бірге ультракүлгін сәулесін де көптеп шашады. Ол вирустарды өлтіріп, өлтірмегенінің активтілігін басады.

Жабық, желдетілмейтін, күн сәулесі түспейтін, адам көп шоғырланған жерлерде жұғу қаупі жоғары.

Бұл сұмның алдын алып, жұқтырмау мүмкіндігі күннен-күнге азайып келе жатыр. Ресми тіркелгеннен бөлек, қанша адам үйінде емделіп жатыр және көбісі ауруханаға жата алмай жүр. Себебі ауру өте көп.

Алдымен бұл аурудың белгілеріне тоқталайын. Дене қызуы жоғарылайды. 37,0-тан 39,0 градусқа дейін, әлсіздік, бас ауыруы, бел ауыруы, буындардың ауыруы, дәм, иіс сезбеуі, тамаққа тәбеті болмауы, құсу, аузының құрғап қалуы, құрғақ жөтел, кеудесіндегі ауырсыну сезімі. Егер осы белгілер байқалса, онда жедел дәрігерлерге қаралып, дұрыстап емін алу керек. Емін дәрігер тағайындау керек. Дегенмен бағыт ретінде айтайын:

-жылы сұйықтықты көптеп іше беру керек (су, сорпа, шәй, компот);

-мұрынды физ раствормен күніне 3 рет, тамақты фурациллинмен күніне 6-7 рет шаю керек.

-вирусқа қарсы дәрі Арпефлю 100мг. 2 табл.дан күніне 4 рет 5 күн ішу;

– цефІІІ 1.0 күніне 1-2 рет в/м 7 күн;

-левофлоксацин (Леволет) 500 мг 1 табл күніне 2 рет ішу керек 7 күн;

– леволеттің орнына макролидтер (азитромицин, зитмак, сумамед) 500мг 1 табл күніне 1 рет ішу керек, 7 күн;

– аскорбин қышқылы 2 др күніне 3 рет ішу 10 күн.

-аспирин 1/4 табл күніне 1 рет ішу 10 күн.

Негізі емді әр науқасты қараған соң барып, дәрігер тағайындаған жөн.

Коронавирус емес, пневмония екен ғой дегенге: коронавирус алдымен өкпені зақымдайтын болғандықтан, асқынуы пневмонияға алып келеді. Жай тұмау, салқын тиген дейтіндей өткен жылдары дәл бұлай жаппай ауыру кездеспеген.

Бір ауырған адам қайта ауыра ма? Егер симптомсыз түрімен ауырса, иммунитет тез өлтіреді де антидене түзіп үлгермей қалуы мүмкін және өте ауыр болып, реанимацияда жатып, көптеген дәрілер алған адамның иммунитеті әлсіреп, антидене пайда болмауы мүмкін. Симптоммен ауырғандарда міндетті түрде антидене түзіледі. Олар ауырмайды. Уақытылы емделудің артықшылығы осы.

Маған енді аурудың алдын алу емес, асқындырып алмай, уақытылы емделіп жазылу маңызды болып тұр. Сақтық шараларын ұмытпаған да дұрыс. Себебі әр адам, әр қазақ қымбат.

Ауырмайық, ағайын!

Әділбек  НҰРЫМБЕТ,

дәрігер

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: