Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус: Қызылордадағы жағдай

17.04.2020, 19:06 495

Облыс аумағында тіркелген науқастар туралы

HALYQLINE.KZ –| Қазіргі таңда облыс аумағында КВИ-мен тіркелгендер саны – 143. Жазылып шыққаны – 17. Науқастармен қатынаста болғандар – 2 162 (+411) адам. (Тығыз қатынастағы 476 адам ауруханада, 1 686 адам үйден бақылауға алынған.)

Ұлттық сараптама орталығына бүгінге дейін 3 338 (+84) сынама жолданса, оның 143-і оң, 2 686-ы теріс болып шықты. Қалған 341 сынаманың нәтижесі күтілуде.

Залалсыздандыру жұмыстары туралы

Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге дейін адамдар көп жиналатын орындардың (базарлар, вокзал, автовокзал, т.б.) жалпы ауданы 5 534 189 м2 (+152 979) құрайтын аумақтарына әскери бөлімдер мен аудан әкімдіктерінің өз күшімен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Тосқауыл бекеттері бойынша

Облыс бойынша Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен барлық аудан аумақтарына кіріп-шығу жолдарына 3 санитарлық бақылау және 43 тосқауыл, барлығы 46 бекеттер қойылған. Аталған тосқауыл және санитарлық бекеттерден өткізу барысында 29 136 (+805) автокөлік және 47 332 (+1 260) жолаушы тексерілді. Оның ішінде Коронавирусқа күдікті ретінде 4 адам анықталды.

Халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтарына көмек көрсету

Ағымдағы жылдың 16 сәуіріне АӘК алушылар қатарындағы 16 647 балаға 92,7 млн теңге төленді. «Birgemiz Qyzylorda» аймақтық қорынан 6 313 отбасына 50,0 мың теңгеден 315,6 млн теңге төленді. Ағымдағы жылы 19 наурыз – 16 сәуір аралығында 6 068 отбасыға 64,5 млн теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтығы түрінде қайырымдылық көмегі көрсетілді. Жұмыстан айрылу жағдайы бойынша электронды түрде 164 000 адамнан әлеуметтік төлемге өтініш қабылданып, 122 638 адамға 42 500 теңгеден 5 млрд 212,1 млн теңге төлем төленді.

Жеке қорғану құралдары бойынша

Ағымдағы жылдың 16 сәуіріндегі жағдай бойынша облыста 86 жеңіл өнеркәсіп және жеке кәсіпкерлермен барлығы 1 339,6 мың (+65,6 мың) дана бетперде тігілген. Дәріханаларға 569,5 мың (+30,7 мың) данасы жеткізілсе, 11 270 данасы қайырымдылық есебінде таратылды. Бір реттік қорғаныш киімдерінің тігілген саны барлығы – 1 531 (+17).

Сонымен қатар, тапсырыс бойынша дайындалған антисептик көлемі 519,2 (+10,1) литр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: