Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус қазақ армиясында: 2 200 адам вирус жұқтырған, 10-ы көз жұмған

23.12.2020, 9:10 408

Қазақстан қарулы күштерінде пандемия басталғалы бері 2 200 адам COVID-19 вирусын жұқтырған. Бұл жөнінде елдің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

— Қарулы күштерде жалпы вирус жұқтырғандар саны – 2 200 адам. Олардың арасында жедел қызметін өтеп жатқандар бірнеше жүз. Әскери қызметінің алғашқы күні олардан тест аламыз. Облыс, аймақтардан келгендерден көбінде тест нәтижесі оң болып жатады. Бірақ олардың 80 процентінде ауру белгілері жоқ. 20 процентінде дене қызуы көтерілген секілді жеңіл белгілері бар, – деді Ермекбаев.

Пандемия басталғалы бері қазақ армиясында 10 адам вирустан көз жұмған.

— Әскерге шақырылған азаматтардың бәрі алғашқы үш күн тест нәтижесі анықталғанша карантинде жатады. Егер бір адамнан вирус анықталса, барлық топ 14 тәулікке карантинге жатқызылады, – деді қорғаныс министрі.

Наурыз айынан бері 147 975 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 132 427 адам жазылды. 2 200 адам қайтыс болды. Covid ­өлімі дерегіне коронавиус жұқтырғаны расталған, бірақ «ілеспе аурудан қайтыс болды» деген жүздеген адам кірмеген.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. Пневмонияның бұл түріне тамыздың басынан 21 желтоқсанға дейін 44 604 адам шалдыққан, 479-ы қайтыс болған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: