Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гуманитарлық көмектер бақылауда тұр

09.12.2020, 15:15 340

HALYQLINE.KZ 2020 жылғы 8 желтоқсан күні Қызылода облысына Израиль және Польша мемлекеттерінен 75 дана пульсоксиметр құрылғысы, 650 дана Tarsime, Azimycin дәрілік препараты және 20 дана дезинфекциялық құралдар гуманитарлық көмек ретінде келді.

Сонымен қатар, өңірімзге қараша айында Қытай, Германия, Сингапур мемлекеттерінен және Шеврон Мунайгаз Инк-2 ЖШС-нен медециналық құрылғылар мен препараттар гуманитарлық көмек облыстық арнайы дәрі-дәрмек қоймасына орналастырылған болатын.

Атап айтқанда:

– 1500 дана обаға қарсы костюм;

– 29 300 дана медициналық маска;

– 580 дана медициналық қорғаныс костюмі;

– 4 дана ӨЖЖ аппараты;

– 1 дана ауа ылғалдандырғыш құралы;

– 290 дана омепразол дәрілік препараты;

– 20 оттегі концентраторы;

– 2100 дана парацетамол;

– 2100 дана ибупрофен.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, «Ақмешіт – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері және қоғам белсенділері келіп түскен гуманитарлық көмектің облыстық арнайы дәрі-дәрмек қоймасына қабылдау барысына қоғамдық бақылау жүргізіп келеді.

Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: