«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (1.47)

  • EUR: 505.25 (2.47)

  • RUB: 5.59 (0)

«Еліміздің барлық қаласы – қауіпті індеттің ошағы»

13.04.2020, 10:01 216 0

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 119 адамға жетті. Бүгін соңғы тәулікте жаңадан анықталған 3 жағдайдың мән-жайын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 119 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 3 жағдай анықталды. Оның біреуі – Жаңақорған, екеуі – Шиелі ауданының тұрғындары. Бұл науқастардың барлығы да бұрын анықталған науқастармен қарым-қатынаста болып, карантинге оқшауланған еді. Қауіпті індет жұқтырғандардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, тиісті емін қабылдауды бастады», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Оның айтуынша, Covid-19 індетін жұқтырған өңірдегі 119 науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 1449. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 802, потенциалды байланыста болғандар – 647 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.

Басқарма басшысы атап өткендей, Қызылорда облысына қауіптілік деңгейі 1 (А) елдерінен 39 адам келген. Бүгінде олардың карантиндік уақыттары аяқталып әрі денсаулықтарында кінәрат анықталмағаннан кейін бақылаудан алынған.

Ал, өңірге 1 (Б) елдерінен барлығы 192 адам келген. Қазіргі таңда оның 46-сы бақылауда: бесеуі – стационарда, 41 – үй жағдайындағы карантинде бақылауда.

Брифингте Жақсылық Әбілқасымұлы облысқа басқа өңірлерден келген адамдардың блок-посттардың айналып кіруі мүмкін екендігін мәлімдеді.

«Біз үшін науқастарды ерте сатысында анықтау маңызды. Инкубациялық 14 күннің ішінде анықтауға баса мән береміз. Сондықтан карантин уақыты 14 күн деп белгіленген. Жоғарыдағы науқастардың барлығы осы инкубациялық кезеңде анықталды. Бірақ, біздің облысымызға басқа өңірлерден келетін тұрғындар қойылған блок-посттарды айналып өтуі мүмкін. Еліміздің барлық қаласы – бүгінде қауіпті індеттің ошағы. Сондықтан, өзге өңірлерден келіп жатқан азаматтарды тұрғылықты жері бойынша медицина мамандарына хабарласып, олардың бақылауында болғаны дұрыс», – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 119 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 12, Жаңақорған ауданында – 18 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 56, Сырдарияда – 23, Арал – 4, Қазалы ауданында – 1 жағдай тіркеліп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: