Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дезинфекция дерттің алдын алады

30.07.2020, 17:00 375

HALYQLINE.KZ  Жаһанды жан алқымнан алған «Covid-19» вирусы түшкіру, жөтелу арқылы жұғып ғана қоймайды. Жұқтырған адамнан тараған инфекция ауада қалықтап тұрмай жерге қонады. Ашық алаңдағы орындықтарда, ағаштарда бірнеше күн тұрақтап, жүздеген адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан адам көп шоғырланатын жерлерге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отыру – өте маңызды.

Кеше дезинфекция жұмыстарын жүргізетін мамандар Қазалы қаласындағы көпқабатты үйлер мен аялдамаларды залалсыздандырды.

Егер біз карантин режимі талаптарына немқұрайды қарамай, жауапкершілік танытсақ, отбасымыздың, туыс, достарымыз бен әріптестеріміздің, аудан мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Біз бірге күрессек қана бұрынғы өмір сүру салтымызға, жұмысқа тезірек ораламыз, туған-туыс, жақындарымызбен қауышып, еркін жүріп-тұруға мүмкіндік туатынын ұмытпайық.

Жақынымызға жанашыр болайық!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: