Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Демографиялық дүмпу: өсім мен өкініш

24.12.2020, 12:00 655

Ағымдағы жылы елдегі қалыптасқан ахуалға­ байланысты денсаулық сақтау саласын­да да қиындықтар туындады. Медицина­ қызметкерлерінің де корона­вирус инфекциясына шалдығуына байла­нысты маман тапшылығы да сезілді. Дәрі-дәрмек, дәрумен жеткіліксіздігі де халық­ты  біраз   әбігерге  салған  болатын. Сол кездері  ҚР бас санитар дәрігердің қаулысына­ сәйкес толығымен жоспарлы медици­налық қызмет түрлері тоқтатылды. Дегенмен ана мен бала мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Демографиялық ахуал бойынш­а Қызылорда облысында оң динамика байқалып, жыл басынан бергі 11 айда 19497 нәресте дүниеге келіп, 2293-ке өсім көрсетіп отыр. Әттеген-ай дейтін тұстарымыз  да  бар, өкінішке  қарай…

АНА  ӨЛІМІНІҢ  СЕБЕБІ  НЕДЕН?

Облыс бойынша балаларға көрсететін меди­циналық қызметтің сапасын жақсарту, сәби өлімінің алдын алу, аурушаңдықты төмендету, мамандардың кәсіби біліктілігін көтеру және медициналық мекемелердің жабдық­талуын қамтамасыз ету бағытында жол карталары өзектендірілген. Сонымен қатар онкогематологиялық, қант диабеті жол карталары бойынша облыс деңгейіндегі аурушаңдықтың алдын алу барысында мамандандыруды жетілдіруге ықпал етті. Десек те республика­ бойынша жылдағымен салыстырғанда ана өлімінің көрсеткіші бағыттағышты жоғары қаратып  тұр.  Яғни, өткен жылдың деңгейінен 3 есеге жоғары. Ахуалдың ең күрделі уақыты ретінде маусым мен тамыз айларының аралығы­ тіркелген. Жекелей қарастырғанда Қызылорда облысының өзінде 60,8 пайызға жоғарылаған.

– Облыс бойынша ана өлімі себебінің 83,3%-ы жүктілікке байланысты емес аурулардан болған.­ Олардың 58,3%-ы короновирус инфек­циясына шалдығып, асқынудан қайтыс болға­н. Осы уақыт ең көп әйел жоғалтқан кезіміз  болды. Бүгінгі таңда Қызылорда облысының  ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер ден­сау­лығының индексі республикалық көрсеткіштен 3 есе төмен. Ал ҚР деңгейінде – 30%. Алайда жүктілік алдындағы (предгравидаралық) дайындық­ шаралары өткізілуіне қарамастан, жүктілік кезінде созылмалы аурулары бар әйелдер­дің үлес салмағы жоғары болып қалуда. Мәселен, облыс бойынша ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер арасында созыл­малы аурулары бойынша жүктілікке қарама-қарсы көрсеткіштері бар әйелдер үлесі – 1,9%. Ал, Жалағаш ауданында – 3,9%, Арал – 2,9%, Қазалы – 2,9%, Сырдарияда 2,2%-ды құрап отыр, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орын­басары  Анар  Шүкірова.

Сала маманының айтуынша, қайтыс бол­ғандардың  басым көпшілігін ауылдық жер­лер­дің  тұрғындары құраған. Бұл тек медициналық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-тұр­мыстық факторлармен де байланысты болуы­ мүмкін деп айтуға болады. Себебі ауылда көп­балалы аналардың басым бөлігі тұрады, туу көрсеткіші мен жұмыссыздық үлесі едәуір жоғары,­ материалдық деңгейі мен денсаулық индексі төмен. Соған қарамастан, ана мен баланы­ң өмірін сақтау үшін еліміздегі республикалық ғылыми әдістемелік орталықтарымен жүкті әйелдер мен балаларды коронавирус инфек­циясы кезінде емдеу бойынша клиникалық хаттамалар әзірленді. Пандемия бас­талғалы бері облыс бойынша 216 жүкті және босанған әйелдер ауруға шалдыққан, оның 135-і облыстық және аудандық деңгейде асқыну­сыз   босанды.

11  АЙДА  203  НӘРЕСТЕ  ШЕТІНЕГЕН

Ажалдың жас пен жасамысты талғамайтынын ескерсек, фәнидің жалғандығын фило­софиялық тұрғыда ақтаудың да қажеті жоқ. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау бас­қар­масының дерегінше, аймақта жыл басынан бергі 11 айда 203 нәрестенің туу туралы куәлігі қайтыс болғандығы туралы анықтамамен ауыстырылған. Бұл өткен жылдың салыстырмалы уақытына қарағанда бала өлімінің көбейгендігін көрсетіп тұр.

– Жүктілікті үзу мәселесіне келетін болсақ, соңғы 6 жыл көлемінде аборт саны 14%-ға өскен. 2014 жылы облыс бойынша 905 аборт жаса­лынса, 2019  жылдың қорытындысымен  1018 де­рек тіркелген. Аборт саны бойынша рес­пуб­лика деңгейінде Қызылорда облысы ең аз жасалынатын өңірлердің қатарында. Соңғы 10 жыл көлемінде аборттан қайтыс болған жүкті әйелдер­ тіркелмеген. Сондай-ақ, жасанды түсік жасау көрсеткіштерінің басым көпшілігі, бұл медициналық көрсеткіштерге байланысты (экстра­гениталды аурулар, жүктілікке қарсы көрсе­тілімі бар) болып отыр. Мәселен, 2020 жылдың 11 ай медициналық көрсеткіш бойынша 365  аборт жасалынды. Бұл жүктілікке қарама-қарсы көрсеткіштері бар әйелдер, яғни ауыр түрдегі науқастары бар жүкті әйелдерге жасалғ­ан. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайға байланысты жүктілікті үзудің 9 дерегі тіркелген, өткен жылғыдан 5 оқиғаға аз, – деп мәлімдеді А.Әлиқызы өңірлік коммуникация­лар қызметінде  өткен  брифингте.

Брифинг барысында басқарма басшысының орынбасарына БАҚ өкілдері тарапынан дамымаған жүктілік бойынша сауал түсті. Облыст­ық  денсаулық сақтау басқармасының ресми деректеріне сүйенсек, дамымаған жүк­тіліктің 80 пайызы құрсақтың хромосомды ауытқуларына байланысты тіркелген. Бұл жүктілік осындай ауытқулармен әрі қарай дамуын­а мүмкіндігі болмағандықтан өздігінен немесе  медициналық жолмен түбегейлі үзіледі. Осы тектес жағдаймен биылғы 11 айда 365-і тіркеліп, барлығы да облыстық және аудандық  деңгейде  үзілген.

Облыс әйелдерінің денсаулық индексінің төмендігін ескере отырып, 2019 жылдан бастап облыс әкімдігі әйелдерге жүктілігі және босануы­ бойынша демалысының ұзақтығын ұлғайту туралы мәселені қозғап келеді. Бүгінгі күні Үкімет және ҚРДСМ тарапынан осы мәселені шешу мақсатында ДДСҰ елдік офисіне­ жүгініп, сараптау жұмыстарын жүр­гізіп беруге ұсыныс жасалынды. Осы мәселе өзінің  оң  шешімін тапқан жағдайда аналардың перинаталдық патологиясы бар жаңа туған­ нәрестелерге  тиісті күтім  жасауға мүм­кіндіктері молая  түсері  анық.

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: