Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәрі-дәрмекке тапсырыс берілді

08.09.2020, 18:15 919

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаторы Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гинияттың Қызылорда облысына жұмыс сапары облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен№3 қалалық емханасында жалғасты.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы 185 төсектік орынға арналған. «Коронавирусты инфекция» эпидемиологиялық ахуалға байланысты қосымша -170 инфекциялық төсек орын, 90- провизорлық төсек және таза зонаға-130 төсек орын қосымша жасақталды. Қазіргі таңда ауруханада провизорлық бөлімшеде-25 науқас, балалар ішек аурулары бөлімшесінде-96 науқас ем алуда.

Медициналық бұйымдар мен жабдықтар және дәрілік заттар бойынша қазіргі таңда қорда- ЖҚҚ бір реттік костюм-3063, көп реттік -550, бір реттік маска-7990, респиратор-3810, бір реттік қолғап-14800, антисептик-37200, пульсоксиметр-23 дана, кислородты концентратор-50 дана, ИВЛ-7 дананы құрайды.

Ағымдағы жылдың жартыжылдық есебі жоспары бойынша 10177 науқас емделіп, 876452,5 мың тг қаралған. Алайда «Коронавирусты инфекция» қауіпті індетінің эпидемиологиялық тұрақсызыдығына байланысты қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, 2597 науқас емделіп 191803,4 мың тг қаржыландырылып, игерілді.

Одан кейін қаладағы №3 қалалық емханаға ат басын тіреді.

Бүгінде емхана қорында 760 бір реттік қорғаныш костюмі, 8500 бір реттік медициналық бетперде, 5800 бір реттік медициналық қолғап, 62 литр тері антисептикалық ерітіндісі, 3600 таблетка дезинфекциялаушы құрал, 45 литр дезинфекциялаушы сұйық ерітінді бар.

  • Алдағы уақытқа 3 159 014 теңгеге жеке қорғаныш құралдарына тапсырыс берілді. Коронавирусты инфекцияға (риворокс, элинвис) және пневмонияға (азитромицин, цефуроксим, сальбутамол) қарсы емхана қорында 6 651 692 теңгеге дәрі дәрмек бар. Алдағы уақытта осы дәрі-дәрмектерге 5 227 103,96 теңгеге тапсырыс берілді. Емхана бойынша эпидемилогиялық ахуал тұрақталуда, коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуын болдырмау мақсатындағы жұмыстар қатаң бақылауда, – деді №3 қалалық емхананың бас дәрігері Г.Мақсұтова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: