Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Covid-19» вирусын жұқтырғандар қатары көбеюде

02.06.2020, 11:25 343

HALYQLINE.KZ 02.06.2020 ж. сағат 09:30 уақыты бойынша аймағымызда «Covid-19» вирусын жұқтырғандар қатары 425-ке жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Соңғы тәулікте 23 дерек тіркелді. Анықталған 23 жағдайдың 20-сы – Қызылорда қаласынан, 3-еуі Жаңақорған ауданынан тіркелді. Бүгінгі күнге инфекциялық стационарда 178 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 науқас – жансақтау бөлімінде. Екеуінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, ИВЛ аппаратына қосылған. Екеуі ауыр күйінде қалуда.

Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 425 дерегі тіркеліп отыр. (Қызылорда қаласында – 217 жағдай, Арал ауданы – 47, Қазалы ауданы – 7, Қармақшы ауданы – 7, Сырдария ауданы – 27, Шиелі ауданы – 75, Жаңақорған ауданы – 45).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: