«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Бір мезетте 11 адамнан ауру анықталды

30.04.2020, 12:51 165 0

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 198 адамға жетті. Соңғы тәулікте жаңадан анықталған 11 жағдай туралы бүгін облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

– Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 198 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 11 жағдай анықталды. Науқастардың барлығы – Қызылорда қаласынан. Оның төртеуі – күні кеше пневмонияға байланысты емханаға көрініп, скринингтік тексеру барысында індет жұқтырғаны белгілі болған науқастың отбасы мүшелері. Қалған жетеуі – алдында анықталған науқастармен қарым-қатынаста болып, 14 күн карантинге алынғандардың арасынан анықталды, – деді Жақсылық Абдусаметов.

Оның айтуынша, COVID-19 індетін жұқтырған өңірдегі 198 науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 2941. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 1560, потенциалды байланыста болғандар – 1381 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда облысымыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында – 83, правизорлық стационарда – 44, карантиндік стационарда – 387 адам бақылауда.

Брифингте Жақсылық Әбілқасымұлы мәлімдегендей, өткен тәулікте облысымызда коронавирустық инфекцияға байланысты 625 тест сынамасы жасалыпты.

– Соңғы тәулікте 625 тест сынамасы жасалды. Оның 547 – теріс мәнді болып шықты. 11 оң нәтиже берді. Ал, 67 – әлі тексерілу үстінде. Бүгінде облысымызда 6002 тест сынамасының қоры қалды, – деді ол.

Сондай-ақ, басқарма басшысы соңғы тәулікте анықталған науқастардың қауіпті індетті қайдан жұқтырғанын да мәлімдеді.

– Соңғы тәулікте анықталған жағдайларға келсек, коронавирустық инфекцияны отбасында және жұмыс орнында жұқтыру көрсеткіштері басым екендігін көреміз. Бірақ, жұмыс орнында жұқтыру мәселесі карантин енгізілгенге дейін анықталған. Осыған орай, карантин талаптарын қатаң сақтап, инфекцияның отбасы мүшелері арасында таралуына жол бермеу қажет. Бұл – карантиннің жеңілдетілген кезінде ерекше мән беретін нәрсе, – деді Ж.Әбілқасымұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: