Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылдық амбулатория қызметкерінен ауру анықталды

21.04.2020, 10:08 430

HALYQLINE.KZ –| Қызылордада бүгінгі күні 151 адамнан қауіпті індет анықталып отыр. Оның 2-еуі өткен тәулікте тіркелген. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов науқастардың қай жақтан екенін айтты.

 – Бірі – Қызылорда қаласының тұрғыны. Дәріге аллергиялық реакция пайда болып, «жедел жәрдем» көлігімен ауруханаға әкелінген. Сол жерде тест сынамасы алынып, нәтижесі оң боп шықты. Екіншісі – Сырдария ауданының Амангелді ауылынан, дәрігерлік амбулаторияда жұмыс істейді. Бұған дейін елді мекенде науқастар анықталғанымен ол кісіге тест сынамасы жасалмаған. Қазіргі күні медицина қызметкерлерін түгел тексеріп жатырмыз, – деді басқарма басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: