«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (1.18)

  • EUR: 509.29 (4.04)

  • RUB: 5.58 (-0.01)

Аудандық ауруханаға жедел жәрдем көлігі табысталды

18.11.2020, 9:45 126 0

HALYQLINE.KZ Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен аудандық ауруханаға жаңа екі бірдей реанимобильдерді табыстау рәсімі өтті. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Арал ауданаралық ауруханасына заманауи құрылғымен жабдықталған реанимобильдерді жергілікті ірі өндіріс орны саналатын «Аралтұз» АҚ тарту етті. Тарту етілген реанимациялық көліктер – дәрігерлер мен жергілікті тұрғындар үшін маңызды көмек. Реанимобильдерге орнатылған жабдықтар жағдайы аса ауыр науқастарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа компания шамамен 20 миллион теңге бөлді.

«Денсаулық сақтау саласы – ауданымыз үшін қашанда маңызды саланың бірі. Сондықтан да демеушілеріміз медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін қолдауға баса назар аударып келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта білікті дәрігерлер басы ауырып, балтыры сыздаған аудан тұрғындарына жаңа көліктер арқылы қажетті әрі сапалы медициналық көмек көрсететін болады деп сенеміз», – деп барша сала қызметкерлерін құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

– Өкінішке қарай, кез келген техниканың жетіспеушілігінен адамдарды жоғалтып жатырмыз. Дәрігерлерімізге осы маңызды сынақтан өтуге көмектесу үшін біздің компания бар күшін салады. Реанимобильдерді сатып алу – Арал ауданының медициналық мекемелеріне алғашқы және соңғы көмегіміз емес, – деді «Аралтұз» АҚ вице-президенті.

– Бізге бұл реанимобильдер ауадай қажет, біздің базада біреуі ғана бар, ол әрине жеткіліксіз, әсіресе қазіргі пандемия кезінде. Компания ұсынған автомобильдер барлық қажетті техникамен жабдықталған: біз ауыр науқастарға тіпті тасымалдау кезінде медициналық көмек көрсете аламыз. Кейде шалғайдағы ауылдан ауыр патологиясы бар жүкті әйелді алып келу немесе диагнозы қиын науқасты облыс орталығына жеткізу қажет болады. Мұндай жағдайда адамның өмірін сақтап қалу үшін әр минут қымбат. Осындай маңызды және уақтылы қолдау үшін демеуші компанияға зор алғысымызды білдіреміз, – дейді «Арал ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің орынбасары Лаура Әділбаева.

Айта кету керек, «Аралтұз» АҚ-ның негізгі өндірістік нысандары Арал ауданында орналасқан. Компания осы аймақта үнемі әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық шараларын өткізеді.

Еске сала кетсек, биыл қайырымдылық көмек аясында «Аралтұз» АҚ өз қаражатынан 50 миллион теңге бөлді. Бұған дейін осы акция аясында аталмыш компания Арал ауданындағы жұқпалы және провизорлық ауруханаларды Covid-19-пен күресуге арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: