Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралда эпидахуал алаңдатып тұр

01.06.2020, 9:15 722

HALYQLINE.KZ

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен жедел штабтың коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі отырысы өтті. Штаб мүшелерімен шұғыл түрде өткізілген комиссия отырысына облыстық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Алия Абдикаймова қатысты, деп хабарлайды Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында аудан әкімі өңіріміздегі эпидемиялогиялық жағдайдың күрделеніп отырғанын жеткізіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пәрменді жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.

«Коронавирус» инфекциясын тежеу, індеттің таралуын болдырмау, алдын алу бағытында әдістемелік көмек көрсету мақсатында ауданға арнайы іссапармен келген облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері де мәжілісте сөз алып, қалыптасқан жағдайды талдап өтті.

Соның ішінде, соңғы тәулікте ауданда тағы 12 жағдай тіркелгендігін, ал соңғы аптада 34 жағдай анықталып, үш күрделі ошақ қалыптасып отырғандығын жеткізді. Анықталған жағдайлардың 8 дерегі ауданға сырттан келушілер арасынан, 4 жағдай белгісіз жағдайда анықталса, қалған деректер ішкі қарым-қатынас арқылы таралып отыр. Осылайша, аудандағы коронавирус жұқтырудың тиісті деңгейі, яғни 7%-ы бір апта ішінде 5,2%-ға өсім алып, жұқтыру деңгей 36,6 %-ды құраған.

Бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында арнайы шектеулер енгізу қажеттілігі айтылған. Осы орайда,«Шектеу шаралары мен карантиннің кейбір мәселелері туралы» №9 аудандық Бас мемлекеттік санитардың қаулысы қабылданды. Қаулыға сәйкес бірқатар шектеу шаралары енгізіліп, карантин талаптары күшейтілді.

Жаңа қаулыға сәйкес індеттің таралуын тежеу мақсатында Арал қаласы мен ауданға қарасты Сексеуіл кентіндегі тосқауыл бекеттерінің жұмыстары жалғасатын болды. Сонымен қатар, аталған екі аумақта да карантиндік шектеулер енгізілді. Ескеру керек, карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шаралар қабылданатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: