Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айгүл Соловьева: Денсаулық сақтау министрлігінен жарнамаға 600 миллион теңге бөлінген

09.07.2020, 15:20 681

Пандемиямен күреске бөлінген көлемді қаражат жарнамалық бейнероликтерге жұмсалыпты. Бұл жөнінде Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева онлайн-брифингіде хабарлады.

– Кеше Президент коронавирус инфекциясымен күресуге 191 миллиард теңге бөлінгені туралы айтты. Оған дейін шамамен 400 миллион доллар бөлінген болатын. Біздің сараптамалық топ бұл қаржы қандай шараға бөлінгенін анықтап жатыр. Мендегі ақпарат бойынша, 600 миллион теңге пиар-компанияларға жарнамалық бейнероликтерге бөлінген. Дәл қазіргі жағдайға жеткізбес үшін бұл қаржыға қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құралдарды алуға болар еді. Дегенмен, осы 600 миллион теңгенің 200 миллион теңгесі әлі жұмсалмаған екен. Бірақ ол қаржы ҚР Денсаулық министрлігі ұйымдастырған тендерге қатысып, ұтып алған компанияға аударылып қойды, – дейді ол.

Сондай-ақ, мониторинг топ жетекшісі:

– Президенттің үндеуінен оның орын алып жатқан құқық бұзушылық жағдайлар туралы хабардар болып отырғанын білдік. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығын жасап отырғандармен жұмыс істеуге тапсырма берді. Республикалық арнайы мониторинг тобы Президент бұл тапсырманы бергенге дейін екі күн бұрын жұмысты бастап кетті. Орын алып жатқан жағдайларға наразы болу – бір бөлек, ал мәселені шешуге үлес қосу – бір бөлек. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында мониторинг жүргізіп, дәрі-дәрмек бағасын 1,5-2 есе қымбаттатқан фактілерді анықтады, – деп атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: