Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

80 пайыз науқас коронавирустан айықты

13.08.2020, 16:05 560

HALYQLINE.KZ Ағымдағы жылдың 13 тамызындағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында тіркелген науқастар саны – 3199. Оның ішінде Қызылорда қаласынан –1920, Арал ауданынан – 114, Қазалы ауданы– 101, Қармақшы ауданы – 137,  Жалағаш ауданы – 111, Сырдария ауданы – 180, Шиелі ауданы – 283,  Жаңақорған ауданынан – 353 дерек тіркелген. Бұл туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ал 12 тамыз күні коронавирус инфекциясымен 4 жағдай, 3-еуі Қызылорда қаласынан, 1дерек Шиелі ауданынан тіркелді. Барлығы да скринингтік тексеру кезінде анықталған. Сәйкесінше, емделіп шыққан науқастар саны – 195. Оның 144-і – Қызылорда қаласынан, Жалағаш ауданынан – 18 және Шиелі ауданынан 33 науқас емделіп шықты. Жалпы емделіп шыққан науқастар саны – 2556. Ол облыс бойынша індетті жеңген науқастардың 80%-ын құрайды.

Бүгінгі күнге коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғандар саны – 14210, тікелей қарым-қатынаста – 11477, ықтимал қарым-қатынаста – 2733 адам.

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясымен 47 науқас ем алып жатса, провизорлық стационарда 192 пациент тұрақты бақылауда. Жалпы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері барлығы 73979 сынама алынды. Қалдық тест саны – 2833.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: