«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

15 қызылордалықтан коронавирус инфекциясы табылды

17.06.2020, 10:15 280 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 515, ал симптомсыз – 165 азамат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 15 дерек тіркелді. Симптомды жаңа 8 жағдайдың бесеуі – скринингтен , Үшеуі қарым-қатынас арқылы болса, 7-еуі – симптомсыз, оның 2-еуі індет жұқтырған азаматпен байланыста болған, 2-еуі – скринингтен, 3-еуі өз еркімен ақылы тест сынамасын тапсырғаннан анықталды», – деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 6001 азамат анықталды. Оның 3641-і – тікелей қарым-қатынаста, 2360-ы жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: