Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

116 медицина маманы инфекция жұқтырды

14.04.2020, 12:14 564

HALYQLINE.KZ –| Алматыда 116 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, – деп хабарлайды «Қазақпарат» тілшісі.

Алматыда 14 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 346 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 бала, 3 жүкті әйел бар.

  • Қалада бір тәулікте 174 жаңа науқас тіркелген. Оның 58-і – жергілікті науқаспен байланыста болған адамдар. Соның ішінде балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 қызметкері, Орталық қалалық клиникалық ауруханасының 110 медицина қызметкері, медициналық жедел жәрдем қызметінің 2 қызметкері, №32 қалалық емхананың 1 қызметкері, №11 қалалық емхананың 1 қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері бар, – деді ол қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы онлайн-брифингте.

Дәл қазір инфекциялық стационарларда Covid-19-дан 295 пациент емделіп жатыр. Оның ішінде 7 адамның жағдайы – ауыр , 41 адамның (бір әйел Алматы облысынан) жай-күйі – орташа ауыр, 247 адамның жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде.

Провизорлық орталықтарда 256 адам бар, оның ішінде – 12 бала, карантиндік оқшаулауда – 366, үйдегі карантинде – 7097 пациент бар, қайтыс болғандар саны – 14.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: