«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 427.91 (-0.77)

  • EUR: 506.9 (-0.31)

  • RUB: 5.6 (+0.03)

«Қайынжұртқа ханшайым болғың келсе, сол үйге қызмет ет!»

15.05.2020, 10:21 316 1

HALYQLINE.KZ Соңғы кездері қазақ қыздарының абыройына нұқсан келіп, беделі белден басылып жатқан, адамның ойына келіп, санасына сыймайтын оқиғалар орын алып жатқандығы белгілі. Мұның барлығы неден? Айналып келгенде тәрбие қазығына, қоғамның көзқарасына байланысты. Мәселен, тұрмысқа шығып кеткен қызын үйіне қайтарып әкеліп, «ішіме сыйған бала сыртыма да сыяды» деп сөзін сөйлеп, қабағын бағып отыратын аналарды тірлігін құптай алмаймын. Өзімнің жалғыз қызым тұрмысқа шыққанда «Сол үйдің мұңын мұңдайсың, сол елдің жоғын жоқтайсың, барған жеріңнің бағын аш, сол үйдің отымен кіріп, күлімен шық» деп қатты айтқаным есімде. Содан кейін қазіргі тойларда «құда-құдағи, қызымыз сіздерге аманат, өз қызыңыздай қараңыз» деп өтініш білдіреді. Бұл – дұрыс емес. Өйткені ол барған жеріне келіндік қызмет көрсетуге бара жатыр. «Егер сол үйдің ханшайымындай болғың келсе, сол үйге қызмет ет, тірлігіңді жаса, қызындай болу дәрежесіне өзің жет» деу керек. Сонда ғана біз қоғамдағы құнды отбасыларына ие боламыз.

Қазақ бар әдемі дүниенің, хош иісті гүлдің, бар жақсының атын қыз балаға берген. Құдайым-ау, бұл қыздардың атына не берілмеген? Бір елдің, бір рудың аты да берілді, күмбездердің де атына есімі жазылды. Сондықтан қыздар осы үмітті ақтап, өздерін бір үйдің болашақтағы отанасы ретінде сезініп өсуі керек. Кішкентайынан бастап «сен – анасың, өскенде бір үйдің шаңырағына бақыт сыйлайтын қонақсың» деп санасына сіңіріп өсіру керек. Қазіргі бізге жетпей тұрған үрдіс – осы.

Сара Бақтиярованың жазбасы

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: