Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық азаматтар әскери жиынға шақыртылды

21.04.2020, 17:18 517

HALYQLINE.KZ –| Қазалы ауданында әскери міндеттілерден 24 азамат іріктеліп, арнайы әскери жиынға шақырылды.

Бұл азаматтардың негізгі міндеті – төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақталуын қадағалап, тұрғындарды тәртіпке шақыру.

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты көмекке келген азаматтарға алғысын айтып, аты жаман аурудан сақтанып жүру керектігін ескертті.

Ауданда арнаулы әскери жиынға шақырылғандар учаскелік полиция инспекторларымен бірге Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінде қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысады.

Шақырылған әскери міндеттілер нысанды киім-кешекпен, ыстық тамақпен және басқа да материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Жиындар уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен жалақысы сақталады, ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі жалақы төленеді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: