Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жетісайда қарбыз пісті

26.05.2020, 9:23 752

HALYQLINE.KZ Жетісайлық диқандар 25 тонна қарбызды Ресейге жөнелтті, деп хабарлайды Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл Жетісай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 78500 гектар аумаққа егіс егілген. Соның 10636 гектарына пленка астынадағы қауын, ал 2819 гектарға пленка астындағы қарбыз егілген екен.

Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінде орналасқан «Тың» ауылының диқаны Бекжігіт Мүйтенбаев өз иелігіндегі 1 гектарға ерте пісетін пленка астындағы қарбыз егіп, одан шыққан 25 тонна өнімді Ресей Федерациясына жөнелтті.

«Наурыз айының басында қарбыздың 70 күнде пісетін «Долбый» атты сортын екі қабат пленка астына ектім. Күн райы қолайсыз болған кездерде, «өнім далада қалады ма?» деп қатты уайымдадым. Өздеріңіз көріп отырғандай, барлығы ойдағыдай болды. Өнім жерде қалған жоқ. Бағасы да көңілімнен шықты», – дейді ол.

Жетісай ауданында бүгінгі күнге дейін 45 гектар аумақтың қарбызы мен 11 гектардың қауыны пісуге дайын тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: