Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық серіктестік түйе сүтінен ұнтақ өндірмек

03.06.2020, 9:50 603

HALYQLINE.KZ Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы шеңберінде 2025 жылға дейін өңірде жалпы құны 551, 2 млрд теңге болатын 23 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Осы арқылы  6 400 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл 44,2 млрд теңге болатын  үш жобаның құрылысы басталды. Бұл туралы )ызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС Арал ауданында жылына 4 мың тонна балық өңдейтін зауыт іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаның құны – 160 млн теңге. Өндірісте 100 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған.

«Қармақшы құс» серіктестігі – жылына 1500 тонна құс етін өндіретін ірі жобалардың бірі. Қармақшы ауданындағы фабриканың құны – 1,9 млрд теңге, өндірісте шамамен 50 адам жұмыспен қамтылады.

Үшінші жоба – Қызылорда қаласында табақша шыны өндіретін зауыт құрылысы. Жобаны «Orda Glass» ЖШС жүзеге асырады. Жылдық қуаты – 197,1 мың тонна. Ал, құны – 42,1 млрд теңге. Зауыт іске қосылған уақытта 226 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Арал ауданында «Qazaq Camel» ЖШС түйе сүтінен жылына 130 тоннаға дейін құрғақ ұнтақ өндіретін жобаны іске асыруды бастады. Құны 1,5 млрд теңге болатын зауытта 150 адам жұмыс істейді деп жоспарланған.

Осы аудандағы «Арал Сода» ЖШС жылына 120 мың тонна ас тұзын өндіретін жаңа испандық цех салуды бастады. Өндіріс іске қосылғанда тағы жүздеген адам жұмыспен қамтылады.

Серіктестік екінші жартыжылдықта 300 мың тонна кальцийленген сода өндіретін зауыт құрылысын бастауға бел буып отыр. 93,5 млрд теңгелік жоба 699 жаңа жұмыс орнын ашуға сеп болмақ.

«ABK Prom Service» ЖШС Қызылорда қаласында жоғары қысымды шыны пластик желілік және сорғы-компрессорлық құбырларды өндіретін зауыт салуды бастайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: