Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 8 мың тоннаға жуық балық ауланған

24.12.2020, 15:00 402

HALYQLINE.KZ Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі мен 207 көл тізімге алынған. Ал 24 көл резервте тұр. Бүгінде өңірде 18 балық түрі аулануда.

Облыста жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс жасауда. 4 зауытта Еуропалық сапа стандартына сәйкестігін растайтын «Еврокод» саны бар. Ағымдағы жылдың 11 айында облыста 7 909 тонна балық ауланды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға көбейген. Жыл басынан 4008,5 тонна балық өнімдері 9 елге экспортталып, өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға өсті.

– Балық өнімдері Ресей, Германия, Польша, Грузия, Литва, Қытай, Нидерланды, Чехия, Беларусь елдеріне нарыққа шығарылуда. Негізгі экспортқа шығарылып жатқан балық түрілері – тыран, торта, алабұға, шортан, аралас балық, көксерке. Олардан көксеркенің жон еті, тыранның қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, қатырылған балық және балық ұны өнімдері экспортталуда, – деді облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: